Жан жарасына айналған Ауғаныстан!
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Мектепте 13 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен толықтай шыққанына 35 жыл толуына орай " Жан жарасына айналған Ауғаныстан!" атты ауған соғысының ардагерлерін еске алу кеші өтті. Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру. Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп білеміз.