Ата-аналарға - Жетісу облысы Сарқан ауданы К.Д.Ушинский атындағы орта мектеп http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/ ru Ата-аналарға - Жетісу облысы Сарқан ауданы К.Д.Ушинский атындағы орта мектеп DataLife Engine 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/336-1-synypa-zhattardy-abyldau-zhyl-sajyn-1-sur-men-1-tamyz-aralyynda-ted.html http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/336-1-synypa-zhattardy-abyldau-zhyl-sajyn-1-sur-men-1-tamyz-aralyynda-ted.html 1 сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат



]]>

1 сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат


1 сәуірден бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады және қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.

2024 жылдан бастап құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ұзартылды;

Бірінші сыныпқа алты жастан бастап даярлық деңгейіне қарамастан балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар келесі құжаттарды ұсынумен қабылданады: 

  • мәлімдеме;
  • өлшемі 3х4 см баланың суреті (2 дана);
  • «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлеметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортыy» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады. 

Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы ырқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:

  • микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған. (Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі);
  • сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;
  •   білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады).

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.

]]>
admin Fri, 29 Mar 2024 18:27:51 +0600
Көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың техникалық қауіпсіздігі http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/313-kktemg-demalys-kezndeg-oushylardy-tehnikaly-aupszdg.html http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/313-kktemg-demalys-kezndeg-oushylardy-tehnikaly-aupszdg.html
Көктем мезгіліндегі мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары
•Адам үшін қауіпсіз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес ал тұзды суда 15 см. қалындықты мұз болып саналады.
•Өзен сағасында және саласында мұз әлсіз келеді. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетін аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсіз.
•Егер 3 күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың беріктігі 25% төмендейді. Сол себепті мұз үстінен жүру өте қауіпті.
•Көктемгі тасқын және сең жүру кезінде қайғылы оқиғалар көп болады.
•Еріген су пайда болғанда су қойма бетіне тұруға қауіпті;
•Мұз жүрген кезде көпір тіреулеріне сүйену қауіпті;
•Мұз жүрген кезде жарлы жағада тұру қауіпті;
•Су қоймалары арқылы түнгі мезгілде өтуге болмайды.]]>
Көктем мезгіліндегі мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары•Адам үшін қауіпсіз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес ал тұзды суда 15 см. қалындықты мұз болып саналады.
•Өзен сағасында және саласында мұз әлсіз келеді. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетін аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсіз.
•Егер 3 күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың беріктігі 25% төмендейді. Сол себепті мұз үстінен жүру өте қауіпті.
•Көктемгі тасқын және сең жүру кезінде қайғылы оқиғалар көп болады.
•Еріген су пайда болғанда су қойма бетіне тұруға қауіпті;
•Мұз жүрген кезде көпір тіреулеріне сүйену қауіпті;
•Мұз жүрген кезде жарлы жағада тұру қауіпті;
•Су қоймалары арқылы түнгі мезгілде өтуге болмайды.
Көліктегі және тәртіпті жол қозғалысындағы ережелер бойынша нұсқаулық
1.Қала көшелерінен өткенде мұқият бол. Асықпа. Тек жаяужолмен немесе жолдың жиегімен жүр.
2.Жаяужолдың оң жағымен асықпай жүр.
3.Жолдың шетінен алыс жиегімен жүр.
4.Көшеден тек жаяу жүргінші жолымен өт.
5.Автобусқа отырар алдында тәртіп сақта. Басқа жолаушыларға кедергі жасама.
6.Көшеден өткенде, бағдаршамның дабылына назар аудар.
7.Жолда не оның жанында ойын ойнама. Велосипедпен, роликті конькимен және т.б. жүрме.
Электрқауіпсіздік бойынша нұсқаулық
1.Үйден, тіпті бөлмеден шығарда міндетті түрде электрқұралдарын сөндіріңіз (үтік, теледидар және т.б.).
2.Еш уақытта электр сымын қолыңмен тартпа – қысқа тұйықталу болуы мүмкін.
3.Ешбір жағдайда жалаңаш сымға жақындама және ұстама – тоқ соғуы мүмкүн.
4.Тоқ жүйесіне қосылған ыдыс және суға (егер ол металлдан жасалған болса) қол тигізбеңіз.
5.Еш уақытта тоққа қосылып тұрған электрқұралдарын дымқыл шүберекпен сүртпеңіз.
6. Жанып жатқан электрқұралдарын сумен сөндіруге болмайды.
7.Жерде жатқан немесе салбырап тұрған электр сымдарына жоламаңыз.
8.Жақын арада электр желілері өтетін үйлер және басқа да құрылыстардың шатырына, сонымен қатар электр тасымалдау әуе желілері өтетін тіреуіштерге (бағандарға) шығу қауіпті.
9.Трансформаторлық қосалқы станция, күштік қалқаншалар, үйлестіруші құрылғыларды ашып көруге тырыспаңыз – ол өлім төндіреді.
10.Электрқұралдарын тоқ жүйесіне қосылып тұрған күйінде жөндемекші болмаңыз.
11.Электрқұралдарының жануы болған жағдайда, өрт жалынын өзіңіз сөндіре алмасаңыз, телефон арқылы өрт сөндіру қызметін шақырыңыз.
Ауладағы, көшедегі, үйдегі және қоғамдық орындардағы кездесетін келеңсіз жағдаяттардың алдын алу нұсқаулығы
1.Еш уақытта бөгде (танымайтын) адамдармен лифтке, сонымен қатар кіреберіске немесе баспалдақ алаңына, егер онда күдікті адамдар, әсіресе бір топ адамдар тұрса кірмеңіз.
2.Егерде сізге лифте біреу бас салса, «Диспетчерді шақыру» батырмасын басуға тырысыңыз, бірақ айқайламаңыз, әсіресе, жақын арада сізге көмекке келе алатын адамдар барына сенімсіз болсаңыз.
3.Аулада жүрген уақытта сізден жасы үлкен, ішімдік күйіндегі немесе есірткіге мас, құмар ойындармен және де т.б. шұғылданып отырған топ жасөспірімдерден аулақ болыңыз.
4.Ешқашан таныс емес (бөгде) адамдармен автокөлікке, мотоцикл және т.б. отырмаңыз.
5.Аса қажетті болмаса өздеріңмен ақша, қымбат заттарды алып жүрмеңдер.
6.Төбе, шатыр, жертөлелерде тентіреп жүрмеңдер.
7.Далада қыдырған кезде, үйден алыстамай, өздеріңе таныс топтар компаниясында болуға тырысыңдар. Егер үйден алшақ кетсеңіз, әсіресе, басқа ауданға, биге, базарға, дүкенге, концертке және т.б. соңғы шарт міндетті. Сонымен бірге үлкендердің сіздің қайда екендігіңізді білгені жөн. Туыстарыңызды қашан, кіммен, қайда баратыныңыз, кімде, қанша уақыт болатыныңыз, қашан қай уақытта, қандай жолмен үйге қайтатыныңыз (мүмкіндік болса, сізді қандай телефон арқылы, немесе басқа координата арқылы) табуға болатыны жөнінде құлақдар етіңіз
8.Егер сізді (түнде) және т.б. уақытта біреулер қуаласа, онда сіз адамдары көп, шамның жарығы бар жерге қарай жүріңіз (жүгіріңіз).
Жарылмаған снаряд, мина, граната және пакеттерді тапқан кезде қауіпсіздендіру ережелері бойынша нұсқаулық
1.Көлікте, үйге кірер кіреберісте және т.б жерлерде қалдырылған түйіншек (сөмке, қорап және т.б.) байқасаң, еш уақытта тиіспе: онда жарылғыш құрылғы болуы мүмкін.
2.Тапқан затыңыз туралы кезекші полиция қызметкеріне хабарлаңыз.
3.Егер түйіншек, сөмке, қорапты қалалық көлікте байқап қалсаңыз, ол туралы жүргізушіге хабарлаңыз.
4.Сіздің қолыңызға қандай да бір жағдайда жарылғыш пакет тиетін болса, онымен ойнамаңыз: ауыр күйік жарақат алуыңыз мүмкін.
5.Отқа патрондарды тастамаңыз – олар атып, сізді жарақаттауы мүмкін.
6.Оттек баллоны, жаншу ыдысы, еріткіштер мен бензиннің, газ бен ауа қосындылары сақталған бос бөшкелердің жарылысынан сақтаныңыз.
Кешке мезгілде көшеде жүру уақыты!
Сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін кәмелетке толмаған оқушыға ойын-сауық мекемелеріне заңды өкілдердің еріп жүруінсіз баруға тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелеріне: ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютерлер, бильярд, боулинг клубтары мен кинотеатрлар, театр және ойын-сауық мекемелері және басқа да ғимараттар, үй-жайлар, ойын-сауық және ойын-сауық қызметтері көрсетілетін объектілер жатады.
Сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүруге тыйым салынады.
]]>
admin Tue, 19 Mar 2024 18:30:12 +0600
«Дабыл чемоданы» http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/304-dabyl-chemodany.html http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/304-dabyl-chemodany.html 🧳«Дабыл чемоданы» - құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны өрт және басқа да төтенше жағдайларда аман қалуға арналған заттардың негізгі жиынтығы деп аталады.
🔺Оқыс оқиғадан ешкім сақтандырылмаған. Төтенше жағдай туралы дабыл кез келген сәтте, кез келген жерде қағылуы мүмкін. «Дабыл чемоданы» әрқашан дайын болуы үшін бұған алдын ала дайындық жасаңыз! Бұған төтенше жағдайда қолдануға болатын заттар кіреді.
🔺«Дабыл чемоданы» құжаттардан, ақшадан, алғашқы медициналық көмек жинағынан, ауыз сумен және бірнеше күндік тағамнан, консервілерден, жоғары калориялы тағамдардан, гигиеналық құралдардан, жылы киімдерден, көрпеден, керек-жарақтардан (радио, фонарь, батареялар, сіріңкелер, құралдар, ысқырық) тұрады.
✅Ол төтенше жағдай кезінде сіздің өміріңізді сақтауды басты құралына айналады! Сол себепті әр азаматтың төтенше жағдайға және одан кейінгі әрекетке дайын болғаны жөн.

]]>
🧳«Дабыл чемоданы» - құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны өрт және басқа да төтенше жағдайларда аман қалуға арналған заттардың негізгі жиынтығы деп аталады.
🔺Оқыс оқиғадан ешкім сақтандырылмаған. Төтенше жағдай туралы дабыл кез келген сәтте, кез келген жерде қағылуы мүмкін. «Дабыл чемоданы» әрқашан дайын болуы үшін бұған алдын ала дайындық жасаңыз! Бұған төтенше жағдайда қолдануға болатын заттар кіреді.
🔺«Дабыл чемоданы» құжаттардан, ақшадан, алғашқы медициналық көмек жинағынан, ауыз сумен және бірнеше күндік тағамнан, консервілерден, жоғары калориялы тағамдардан, гигиеналық құралдардан, жылы киімдерден, көрпеден, керек-жарақтардан (радио, фонарь, батареялар, сіріңкелер, құралдар, ысқырық) тұрады.
✅Ол төтенше жағдай кезінде сіздің өміріңізді сақтауды басты құралына айналады! Сол себепті әр азаматтың төтенше жағдайға және одан кейінгі әрекетке дайын болғаны жөн.
«Тревожный чемодан»
🧳«Тревожный чемодан» - так называют базовый набор вещей для выживания в экстремальных ситуациях до прибытия спасателей или до безопасной эвакуации из зоны чрезвычайной ситуации, будь то землетрясение, наводнение, пожар и т.д.
🔺От чрезвычайных происшествий никто не застрахован. Тревога может быть подана в любое время и в любом месте. Позаботьтесь об этом заранее, чтобы «тревожный чемодан» всегда был на готове! Сюда входят предметы, которые вы можете использовать в экстренных случаях.
🔺«Тревожный чемодан» состоит из документов, денег, аптечки первой помощи, запаса питьевой воды и еды на несколько дней, консервы, высококалорийная еда, средства гигиены, теплая одежда, плед, принадлежности (радио, фонарик, батарейки, спички, инструменты, свисток).
✅Это будет главным спасением, для сохранения вашей жизни, в чрезвычайных ситуациях! Поэтому на первый план выдвигается личная подготовленность каждого гражданина к действиям при чрезвычайных ситуациях и после.]]>
admin Tue, 30 Jan 2024 11:52:23 +0600
Отбасы күні http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/262-otbasy-kn.html http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/262-otbasy-kn.html
]]>




]]>
admin Fri, 08 Sep 2023 18:02:51 +0600
ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/198-internetteg-aupszdk-erezhes.html http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/198-internetteg-aupszdk-erezhes.html
ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ
Интернеттегі қызықты ақпараттар өзіне тартып тұратыны рас. Ол жерде көптеген мәліметтерге қанығып, әртүрлі адамдармен виртуалды танысып, араласуға болады. Әйткенмен, көшеде бейтаныс адаммен бірден таныса кетпейтінің тәрізді интернетте де жұмыс істегенде қауіпсіздік мәселесін естен шығармаған жөн. Төмендегі шағын мысалдар америка жасөспірімдерінің интернетпен жұмыс істегенде қолданатын ережелерінен алынып отыр.]]>
Интернеттегі қызықты ақпараттар өзіне тартып тұратыны рас. Ол жерде көптеген мәліметтерге қанығып, әртүрлі адамдармен виртуалды танысып, араласуға болады. Әйткенмен, көшеде бейтаныс адаммен бірден таныса кетпейтінің тәрізді интернетте де жұмыс істегенде қауіпсіздік мәселесін естен шығармаған жөн. Төмендегі шағын мысалдар америка жасөспірімдерінің интернетпен жұмыс істегенде қолданатын ережелерінен алынып отыр. 1. Құпия сөз. Интернеттегі пошта немесе “Мой мир”, “m-agent” тәрізді бағдарламалармен жұмыс істегенде құпия сөзге мән беру керек. Қорғанысы берік құпия сөзді оңай құрастыру үшін өзіңнің жақсы көретін әніңнің алғашқы шумақтарын латын әріптерімен жазуға болады. Мысалы, “Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы” деген шумақты құпия сөз қылатын болсақ AkaAdd болып шығады. Енді соның арасына өзіңнің сүйікті саныңды қоса аласың. Aka2012Add. Құпия сөз кем дегенде сегіз символдан құралғаны жақсы. Әрі ол символдардың ішінде бас әріптермен қатар кіші әріптер, сандар әрі ! @ # тәрізді символдар да араласқаны жақсы. 2. Сенім. Интернеттегі мәліметтердің бәріне сенуге болмайды. Кейбір кезде адамды ашуға шақыратын немесе әлдебір жаман әрекетке баулитын мәліметтер болады. Интернетке мәліметті әртүрлі адамдар жариялайды. Адамдардың ойлары, пікірлері әртүрлі болады. Сондықтан барлық мәлімет бірдей, барлық сайттағы ақпарат дұрыс деген пікірден аулақ болған жөн. 3. Әлеуметтік желі. “Мой мир” m-agent, facebook, twitter тәрізді әлеуметтік желілер жаңа достар тауып, олармен үнемі байланыста болуға жақсы құрал болғанымен, бұл желілер арқылы алаяқтықпен айналысып, ақша табуды көздейтіндер бар. Ол үшін олар әлеуметтік желі арқылы банк карточкасы, салық төлеу нөмірі, жеке куәлік нөмірі тәрізді жеке мәліметтерді пайдаланады. Сондықтан әлеуметтік желіні қолданғанда тек жақсы танитын адамдарды ғана достар қатарына қосуға кеңес береміз. Әрі ешқашан да ата-анаңның банк карточкасы, салық нөмірі немесе жеке куәлік мәліметтерін әлеуметтік желі арқылы танымайтын адамдарға жолдама.

4. Жауапкершілік. Интернетте әлдебір мәлімет жариялағанда оның үнемі сақталып қалатынын естен шығарма. Яғни, сурет, музыка немесе жазба жарияласаң оның ішінде әлдебір мәлімет қате болып шығуы мүмкін. Сурет өзгеге тиесілі болса, оның шын иесі кез-келген уақытта сотқа шағымдана алады. Егер досыңның немесе танысыңынң суретін интернетте жарялайтын болсаң, онда оған бір ауыз ескертіп қойған жақсы. Интернеттегі жариялаған әрбір әріп үшін жауапкершілік жүктейміз. 5. Құрмет. Интернеттегі адамдарға құрметпен қарауға үйрен. Жоғарыда айтқанымыздай адамдардың пікірі әртүрлі. “Сондықтан интернеттің ар жағында отырғандықтан менің кім екенімді білмейді” деп ойлап, бейәдеп, жалған сөз айтудан аулақ бол. Адамдармен шынайы өмірде әдептілік сақтап сөйлесер болсаң ғаламторда да сол әдептілік қағидаларын ұстауға кеңес береміз. Технология дамыған сайын оның зиянды жағы мен пайдалы жағы туралы пікірлер көбейері сөзсіз. Алайда технологияның жақсы немесе жаман болуы оны қалай қолдануымызға байланысты екенін ұмытпайық.]]>
admin Tue, 18 Apr 2023 18:09:45 +0600
КОМПЬЮТЕРДІҢ БАЛАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/197-kompjuterd-balaa-tigzetn-ser.html http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/197-kompjuterd-balaa-tigzetn-ser.html

Компьютердің тигізетін әсері

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.]]>
Компьютердің тигізетін әсері

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.

Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.

Зияны туралы

Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

· Көздің көру қабілетін төмендетеді;

· Омыртқалардың қисаюына әкеледі;

· Жүйкеге салмақ түсіреді;

· Шаршағыштық, әлсіздік басады.

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...

Әлеуметтік педагог:Идрисов Е.Т]]>
admin Tue, 18 Apr 2023 18:06:23 +0600
1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді. http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/213-1-synypa-zhattardy-abyldau-zhyl-sajyn-1-sur-men-1-tamyz-aralyynda-ted.html http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/213-1-synypa-zhattardy-abyldau-zhyl-sajyn-1-sur-men-1-tamyz-aralyynda-ted.html

]]>
Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)]]>
admin Fri, 31 Mar 2023 17:39:57 +0600
Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді. http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/150-balalardy-mr-aupszdgn-amtamasyz-etu-masatynda-zhalpy-mektepshlk-ata-analar-zhinalysy-tkzld.html http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/150-balalardy-mr-aupszdgn-amtamasyz-etu-masatynda-zhalpy-mektepshlk-ata-analar-zhinalysy-tkzld.html



]]>
admin Fri, 10 Feb 2023 17:40:31 +0600
"Балалар қауіпсіздігі - басты орында" атты ата-аналармен кездесу http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/129-balalar-aupszdg-basty-orynda-atty-ata-analarmen-kezdesu.html http://ushinsky-sarkand.mektebi.kz/roditelyam/129-balalar-aupszdg-basty-orynda-atty-ata-analarmen-kezdesu.html


]]>
admin Wed, 16 Nov 2022 21:15:28 +0600