29
March
2022
Педагогикалық тандем жас маман мен тәлімгер байқауы
Біз ұстаздарымыздың кәсіби біліктілігінің жоғары болуына ықпал етеміз. Олардың кәсіби біліктілігінің жоғары болуы бізді шабыттандырады. Алғаш рет мектебімізде “Педагогикалық тандем: тәлімгер және жас маман” байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің жас маман мен тәлімгеріміз қатысып, өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісті. Сабақ өтудің тың әдістері көрсетіп, ықшам сабақты қорғады.Аудандық «Педагогикалық тандем» байқауында тәлімгер Ибраева Г.З мен жас маман Абсеитов Т.М аудандық кезеңнен І орынға иеленді. Облыстық «Педагогикалық тандем» әдістемелік жәрменкесіне қатысқан үшін Алғыс хат берілді.