Жақсылық жасап жарысайық » Жетісу облысы Сарқан ауданы К.Д.Ушинский атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"К.Д.Ушинский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7284) 32-14-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
август
2022

Жақсылық жасап жарысайық

Жақсылық жасап жарысайық

Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасына ықпал ету – басты міндет.
Осыған орай, жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында «К.Ушинский атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде белсенді жұмыс жүргізілуде. 2022-2023 жаңа оқу жылында «2022 Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған «Мектепке жол» Республикалық акциясы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіліп отыр. Акция 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтитын болады. Акцияның басты мақсаты - әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.
Акция аясында мектеп бойынша әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар анықталып, ата-аналарының өтініші негізінде оқушыларға көмек көрсетілуде. Демеушілерді тарту мақсатында әртүрлі бизнес өкілдеріне сұраныс хаттар жіберіліп, ата-аналар мен мектеп қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Оқушыларға демеуші болып, қолдау көрсеткендердің басым көпшілігі – мектеп мұғалімдері. Сонымен қатар, ата-аналарымыз да жанашырлық танытып, оқушыларға көмек көрсетіп, акцияға барынша ат салысуда. Ұстаздарыға, ата-аналарымыз бен демеушілерімізге игі шараның ұйытқысы болып, оқушыларымызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз.
«Мектепке жол» Республикалық акциясы әлі де жыл бойы жалғасын табады және оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болады. Осыған байланысты мектебіміздің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарына және акцияға үлес қосып, демеуші болам деген тұлғаларға мектеп әкімшілігіне жолығуларын өтінеміз.
Жақсылық жасау - күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал, балаға қуаныш сыйлау бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп қол ұшын созған әрбір демеушілерге тағы да шексіз алғыс білдіреміз.

Әлеуметтік педагог:Идрисов Е.Т
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив