09
апрель
2019
1 наурыз- Алғыс айту күні
Мектепте 1 наурыз- Алғыс айту күні оқушылардың бір-біріне «Жүрек» смайлинг берулерінен басталды. Оқушылар бір-біріне жылы сөздер, тілектер айтып, бүгінгі күнмен құттықтады. Сонымен қатар мектепте 1 наурыз- Алғыс айту күніне орай 5-10-шы сынып оқушылары «Алғыс білдіремін» тақырыбында шығарма жазды. 2-4 сынып оқушылары сурет салды, өз қолдарымен сыйлықтар жасады. Дүйсенбі күні барлық сыныптарда 1 наурыз- Алғыс айту күніне орай сынып сағаттары өтті. Оқушылар сынып сағаттарында мейірімділік, басқаның жақсысын көре білуге,жанашырлық, ата-анаға деген махаббат,сыйластық тақырыптарында пікір алмасты. Сонымен қатар «Шуақ шашқан күн!» атты концерт өтті..