«Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» тақырыбында коучинг » Жетісу облысы Сарқан ауданы К.Д.Ушинский атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"К.Д.Ушинский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7284) 32-14-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» тақырыбында коучинг
06
декабрь
2023

«Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» тақырыбында коучинг

Тәуелсіз егеменді еліміздің әлемдік өркениетке жетудегі сара да дара жолы– оның білім жүйесі. Еліміздегі «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының екінші міндеті – орта білім беру сапасын арттыру болса, Ұлттық даму жоспарының Сапалы білім 3-ұлттық басымдығының міндеттері де білім беру саласындағы қолжетімділікті, теңдікті қамтамасыз ету, оқыту үшін қолайлы жағдайлар мен орта жасау және білім беру сапасын арттыру. Ендеше қазіргі білім беруде педагог қауымының алдында білім алушыларға сапалы білім беру міндеті тұр. Білімнің сапалы берілуі – ұстаздың біліміне, тәжірибесіне, ізденісіне, оқытудағы жаңа технологияларды сабақ барысында мол шеберлікпен, шығармашылықпен жеткізуіне байланысты болып тұр.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында «...Үлгерімі төмен балаларға ерекше қолдау, жылы сөздер және олардың жетістікке жететініне сенім қажет екенін түсіну маңызды», - деп Оқу-ағарту министрі мектептегі үлгермеушілік мәселесі туралы айтты. Осыған орай К.Ушинский атындағы орта мектебінде «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» тақырыбында мектеп тренері Жексенбаева Жамиля Иминовна коучинг- сабақ өткізді. Мақсаты: үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізуге отырып, үлгерімі төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгеру.
«Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс»  тақырыбында коучинг





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив