Әдістемелік кеңес отырысының хаттамасы » Жетісу облысы Сарқан ауданы К.Д.Ушинский атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"К.Д.Ушинский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7284) 32-14-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
январь
2023

Әдістемелік кеңес отырысының хаттамасы

№ 4 әдістемелік кеңес отырысының хаттамасы
үзіндісінің көшірмесі

«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан аудан бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің « К.Ушинский атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 ж. " 6" _қаңтар_
Төрайымы – Мынбаева Галия Залеловна
Хатшы – Капасова Дана Ерланқызы
Қатысқандар:51 адам

Күн тәртібінде:
Педагогтерге біліктілік санаттарын беруге (растау) туралы
Тыңдалды:
Мектеп директоры Оразгельдинов Берик Жунисханович Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022ж. № 533 бұйрығы жүзеге асырылып келетіні, сондай-ақ бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін аттестатталушы адамдар (бұдан әрі-аттестатталушы адамдар) кезекті және мерзімінен бұрын аттестатталатындар болып бөлінетіні айтылды. Атап айтқанда, біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы адамдарды кезекті аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылатынын, бірінші кезең - қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау; екінші кезең - ұлттық біліктілік тестілеуі жүргізілетінін айтты.
Кәсіптік қызметінің нәтижелілігі бойынша портфолиосының біліктілік санаттарын алу (растау) үшін кезекті аттестаттаудан өтетін аттестатталушылар білім беру ұйымы (ауданның (қаланың) білім бөлімі, білім басқармасы және тиісті саланың уәкілетті органы) арқылы тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына аттестаттау кезеңіндегі оң нәтижесін алғаннан кейін ұлттық біліктілік тестілеу тапсыратынын түсіндірді.
Біліктілік санаттарын алу (растау) үшін кезекті аттестаттаудан өтетін әрбір аттестатталушы бойынша сараптамалық кеңес одан әрі аттестаттау үшін сәйкес келеді (сәйкес келмейді) деген ұсынымдарды шығарылатыны туралы ақпараттандырды.
Аттестатталушының қазіргі біліктілік санаты оның жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сақталатыны айтты.
Сөйледі:
Аттестация бөлімі бойынша жауапты маман әдістемелік жөніндегі директордың Мынбаева Галия Залеловна «Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканы сақтау мәселесі бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) үміткер педагог (педагогтер) туралы қысқаша ақпарат беріп, аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің біліктілік курстарынан өтуі 72 сағат көлемінен кем емес болмауын; білім алушы мен мұғалім жетістігі жеткілікті болу керектігін; шығармашалық деңгейін анықтау мақсатында аттестатталушы педагогтің байқауларға қатысу деңгейі жоғары болу қажеттілігін тілге тиек етті.
Екінші мәселе биылғы оқу жылындағы № 533 бұйрық мұғалімдерді аттестау бойынша өзгерістер туралы айтылды:
Жасы бойынша зейнетақыға дейін төрт жылдан аспайтын педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады.
Қолда бар біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер аттестаттау рәсімінен жалпы негіздерде өтеді.
Қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезінде педагогке
біліктілік санатын беру (растау) үшін оны кезекті аттестаттау кезінде өтініш
берілген санат бойынша балдар саны жеткіліксіз болса, біліктілік санаты
мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, одан әрі біліктілік санаты бір деңгейге
төмендейді. Бұл біліктілік санаты аттестаттаудың келесі тамыз-желтоқсан
(қаңтар-мамыр) кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде
педагог ПББ өткеннен кейін бастапқыда өтініш берілген біліктілік санаты
бойынша аттестаттаудан өтеді.
Бейіні бойынша 30 және одан да көп жыл педагогикалық және
өндірістік өтілі бар педагогтер жаңа жүйе бойынша берілген біліктілік
санатын растаған кезде ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жинақтаудан өтеді.
Біліктілік санатын арттыру кезінде жалпы негізде өтеді.Ескі жүйе бойынша "бірінші", "жоғары" санаттары бар педагогтер"педагог-модератор" біліктілік санатына ауысқан кезде ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жинақтаудан өтеді. "Педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктіліксанатын алған кезде жалпы негіздерде өтеді.
Биылғы оқу жылы 2022-2023 оқу жылында кезекті аттестаттаудан өтетін пән мұғалімдердің перспективалық жоспары жасалған, келесі пән мұғалімдердің санаты бір саты жоғарылауға үсыныстарын, мұғалімдердің жұмысын саралап, бір саты жоғары беруге үсыныс білдіремін:
Директордың ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: «Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканы сақтау мәселесі бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) үміткер педагог (педагогтер) туралы қысқаша ақпарат беріп, аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің біліктілік курстарынан өтуі 72 сағат көлемінен кем емес болмауын; білім алушы мен мұғалім жетістігі жеткілікті болу керектігін; шығармашалық деңгейін анықтау мақсатында аттестатталушы педагогтің байқауларға қатысу деңгейі жоғары болу қажеттілігін тілге тиек етті.


Шешімі:
«Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестеттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022ж. №533 бұйрығын негізге ала отырып кезекті аттестациядан өткізу үшін басшылыққа алынсын.


Әдістемелік кеңес төрайымы: Г.Мынбаева
Хатшы: Д.Капасова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив