10
февраль
2023
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы
2022-2023 оқу жылының 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жартылай жетім балалар және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.
2-10 сыныптар «Жылы жүрек», «Мейірімділік», «Қайырымдылық жасай білесің бе?» тақырыптарында тәрбие сағаттар өткізілді.
2-4 сыныптар арасында «Мені жылы алақаным» тақырыбында көркем - сурет көрмесі үйымдастырылды.
25 қантарда 2-4 сыныптар арасында қол бұйымдардан көрме ұйымдастырылды
Қайырымдылық акциясы шарасының барысында 112 400 мың теңге заттай көмек көрсетілді. Ал заттай көмек көрсетілген киімдер қажет ететін оқушыларға үлестірілді. Алынған заттар арнайы дәптерге тіркелді. Сонымен барлығы 20 оқушыға көмек көрсетілді.
Әлеуметтік педагог:Идрисов Е.Т