05
март
2024
Олимпиада, байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Дарынды және талантты балаларды анықтау, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатымен 2023 жылдың қараша, желтоқсан айларында оқушылардың жалпы білім беретін пәндерінен республикалық олимпиаданың мектепшілік, аудандық кезеңдері өткізілді.
Аудандық олимпиадаға 41 оқушы қатысып, 1 оқушы 1- орынды, 5 оқушы 2 - орынды, 6 оқушы 3-орынды иеленді. Облыстық Президенттік олимпиададан Абсеитов Амир ІІІ орын, Ауыл мектептеріндегі оқушыларына арналған республикалық олимпиададан Амангелді Бинұр ІІ орын, 5-6 сынып оқушылар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңнен Джакупбаева Камила ІІ орынға иеленді.
«Алтын сақа» математика олимпиадасынан 10 оқушы қатысып, 2оқушы 2 - орынды, 3 оқушы 3-орынды иеленді. Және аудандық байқаулар, оқуларға қатысқан жеңімпаздарды марапаттау рәсімі бойынша салтанатты жиын өткізілді. Жиында Облыстық, аудандық пән олимпиадалардың, байқаулардың жеңімпаздарын марапатталды.