12
январь
2022
Ғылыми жоба жүлдегері
Аудандық ғылыми жоба байқауында биология секция бойынша 10 сынып оқушылары Сыздықбай Сымбат «Жылы жағдайдағы көкөніс дақылдарын зиянкестерден биологиялық қорғау шаралары» , Каналбек Мадина «Қант қызылшасы сығындысынан пектин алу жолдары» тақырыбында жобаларын қорғады. Жетекшілері биология пән мұғалімдері Абсеитов Төленген Маратович пен Абсеитова Надира Ералықызы. Аудандық кезеңнен Каналбек Мадина ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып облыстық кезеңде өз ғылыми жобасын қорғап ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.