«Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты дарынды балалар слеті » Жетісу облысы Сарқан ауданы К.Д.Ушинский атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"К.Д.Ушинский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7284) 32-14-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты дарынды балалар слеті
29
май
2023

«Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты дарынды балалар слеті

«Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты дарынды балалар слеті
«Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты  дарынды балалар слеті


Жыл қорытындысына байланысты «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты мектебіміздің дарынды балалар слеті
Слет музыкамен ашылады
Сахнада мерекелік шара жүргізушілері
1 –жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
2 –жүргізуші: Константин Ушинский атындағы орта мектебінің 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша дарынды оқушыларды дәріптейтін де кез келіп жетті. «Мектеп – оқушы – ата-ана» үштік одағының біріккен жұмысының «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты мектебіміздің дарынды оқушыларын марапаттау рәсіміне қош келдіңіздер!
1 –жүргізуші:
Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшты талай – талай азамат.

ІІ – жүргізуші:
Школьный мир неповторим!
Детство, юность вместе с ним
Нас растят и жизни учат,
Открывают наши души
Милосердию, добру,
Дарят каждому звезду!

1-жүргізуші: Бүгінгі құрмет тек қана талант иелеріне ғана емес, сонымен қатар олардың жетекші-мұғалімдеріне, жас таланттардың білім белестерін бағындыруға себепкер болған ата-аналарға да арналады. Олай болса, алғашқы сөз мектеп директоры Оразгельдинов Берик Жунисхановичке беріледі.
І жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Дарындарға арналсын тілегіңіз!
2- жүргізуші Бұл күн-білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн!
3 – жүргізуші: Бұл күн- өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні!
4- жүргізуші:Бұл күн- әр оқушының жұлдызы жарқыраған күні!
1- жүргізуші: Иә, бүгінгі күн - Константин Ушинский атындағы орта мектебінің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары- олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары мен интеллектулдық сайыстардың жеңімпаздары дәріптелетін күн!
2 – жүргізуші:Біз - алыс сапарға бел буып, кемемізді білім дариясына түсірген ұжымбыз
3- жүргізуші:Біз - ой өрісі кең, алғыр да, жүректі, сауатты да салауатты оқушылармен мақтана аламыз.
4- жүргізуші:Біз – ұшқыр ойлы да бай тәжірибелі ұстаздар ұжымынанбыз!
1 – жүргізуші: Біз - білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ата-ана мен ұстаз еңбегін тоғыстырамыз!
2- жүргізуші: Иә, бүгінгі күн куәгерлерімен жеке –жеке танысатында кез келіп жеткен сияқты.Олар
3- жүргізуші:олимпиада жеңімпаздары,
1- жүргізуші:интеллектуалды - шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары,
2-мәнерлеп оқу шеберлері,
1- жүргізуші: жас ғалымдар,
4– жүргізуші: өз ісінің шеберлері
1- жүргізуші:өнер тарландары, спорт майталмандары, сыныптан тыс жұмыс көшбасшылары сайыстың қай қырынан да жұлдыз болып жарқырап көріне алады.
Аудандық ық пән олимпиадасының жеңімпаздарын Аудандық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлерін, Аудандық оқулар жүлдегерлерін, шығармашылық байқаулардың жүлдегерлерін марапаттау үшін директорың жанындағы ғылыми-әлістемелік жөніндегі орынбасары Мынбаева Галия Залеловнаға сөз беріледі.
ІІ-жүргізуші:
Итак, внимание, в нашем зале участники «Парада звезд» - призеры областных, районных олимпиад
І-жүргізуші:
Құрметіне дарындардың тік тұрыңдар!
Алаңдап, жан-жаққа бас бұрмаңдар.
Бүгінгі салтанатты мерекенің
Дарынды, үздіктерін қарсы алыңдар!
Ортаға дарынды балаларымызды шақырамыз
І- жүргізуші:
К.Ушинский атындағы орта мектебінің аудандық олимпиадаларының жеңімпаздарын, Аудандық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлерін, Аудандық оқулар жүлдегерлерін, шығармашылық байқаулардың жүлдегерлерін , қарсы алыңыздар!
ІІ- жүргізуші:
Встречайте победителей районных олимпиад, научных проектов «Зерде», Республиканских чтении, творческих конкурсов средней школы имени К.Ушинского!
Шествие
1оқушы:



Ізденімпаз ,біз талапшыл жастармыз
Елімізді биіктерге бастармыз
Өнер,білім ,ғылым сара жолында
Шаршамаймыз ,артқа қадам баспаймыз
2-оқушы:
В знанье – сила! Это помнит
Каждый умный человек
С этой силой мы шагаем
В новый 21-й век
Спортсмены и артисты, «олимпиадники»
И красивы и умны
Все мы – гордость у района
Надежда всей страны!

3-оқушы:.
Біз-келешек ұстаз, ұшқыш, ғалымбыз
Ел ертеңі , үкілеген үміті
Елбасының ізбасары жас дарын
Жалындаған өткір, алғыр жастармыз!

4-оқушы:
Прекрасен путь учебы и познанья.
От школьной парты до больших высот,
От букваря до тайны мирозданья,
С одним девизом пламенным: "Вперед!"
3-оқушы: Knowledge is a power
Live and learn

ІІ-жүргізуші:
И это чудо в этом зале,
Каких мы школьников собрали!
Здесь море умных, чистых глаз,
Здесь молодость чарует нас,
Здесь души полны ожиданьем,
Для всех, кто миг сей долго ждал,
Настал он, радостно настал…

І жүргізуші:
Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым!
ІІ жүргізуші:
Мы от всей души поздравляем вас с поздравляем вас с вашими достижениями. Желаем чтоб и в дальнейшим вы достигали новых высот


І жүргізуші:
Мектеп – кеме, білім – теңіз
Барар жерге тез жетеміз
Адаспаймыз ұлы жолдан
Ұстаз берген білім қолда,
1 –жүргізуші:
Шығармашылық сайыстардың жеңімпазы
Олай болса, халқымыздың өнерін жалғастырып жүрген өнер таланттарын ортаға шақырамыз. 4 «А» сынып оқушысы Биқасым Мағжан

ІІ жүргізуші:
Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып
Келесі ән-шашу дарынды оқушыларымыздың құрметіне арналады.
Қарсы алыңыздар, алдарыңызда «Мектебім,аяулы мектебім» әнімен 4 сынып оқушысы, жас әнші Биқасым Мағжан
І- жүргізуші:
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Біз жастарға сенеміз
«Кенгуру», «Ақбота», «Русский медвежонок- языкознание для всех» интеллектуальды ойынының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз кезегі беріледі. Вручение .
І- жүргізуші:
Қарсы алыңыздар, К.Ушинский атындағы орта мектебінің Республикалық интеллектуальды ойынының жеңімпаздарын!
ІІ- жүргізуші:
Встречайте победителей интеллектуальных конкурсов «Кенгуру», «Ақбота», «Русский медвежонок- языкознание для всех»
ІІ- жүргізуші:
Встречайте победителей интеллектуальных конкурсов «Кенгуру», «Ақбота», «Русский медвежонок- языкознание для всех»
Шествие.
1-оқушы:
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.
2-оқушы:
Мектебім — мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
3 -оқушы:
Тәуелсіз Қазақстан, байтақ жерім,
Қуаныш құшағында бүгін елім.
Балалар аманатын алға тартар,
Жас ұрпақ алдарыңда міне, бүгін.

ІІ – жүргізуші:
Ойшыл,зерек,өрендер,
Сіздерге кім тең келер
Шашу шашсын биімен
Мың бұралған бишілер
Би орындалады. Қыздар тобы

1 – жүргізуші:
Кез келген ел өз болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырса, біз өз болашағымызды өнер, спорт майталмандарымен байланыстырамыз.
Спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз кезегі І- беріледі. Вручение .
І жүргізуші:
Қарсы алыңыздар, К.Ушинский атындағы орта мектебінің облыстық, аудандық , аймақтық спортттық жарыстарының жеңімпаздарын!
ІІ- жүргізуші:
Встречайте победителей областных ,районных, региональных спортивных соревнований, турниров!
Шествие. Музыка.
1- жүргізуші: Иә, Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, жүзінен нұры, жүрегінен шуағы төгіліп, әрбір іс-қимылынан өнеге өрбіген ұстаздар туралы көптеп айтуға болады.
Болашақ жеткіншектердің бойындағы қайталанбас, қанына біткен дарынын аша білген ұстаздарымыз аз емес. Десек бүгінгі құрмет,бүгінгі сый сіздерге арналады құрметті талантты тұлға тәрбиелеуші дарынды ұстаздар!
2 – жүргізуші:Олай болса ортаға талантты оқушылардың дарынды ұстаздарын шақырайық. облыстық ғылыми жоба байқауының ІІІ орын иегері, аудандық биология пәні олимпиадасының І , ІІ орын иегерін дайындаған, педагогикалық тандем әдістемелік байқауының Алғыс хат иегері Дакубаева Аймен Аденгалиевнаға беріледі.
І жүргізуші:
Ата-анаға қымбат қой бала деген
Ұрпағының әрдайым қамын жеген
Сөз береміз,ата-ана өзіңізге
Атақ алып балаңыз дарын деген
Жас ұрпақтың жүрекжарды қуанышын бөлісіп, шашуын ақ тілек батасымен өріп, ортамызға келіп отырған ата-аналарға сөз беріледі.
Ата-анаға сөз Шалов Болатбек Шалқыбаевич
І жүргізуші:
Жaсaсын қaзaғым ,жaсa алғыр жaстaрым.
Жeлбірeтіп туды жeңіскe жoл бaстaғaн,
Қазақтың тaриxы мәнгі бoлсын дaстaным.
Қaзaқстaным Қaзaқстaным,
Қарсы алыңыздар, алдарыңызда әнімен«Жаса ,Қазақстан!» 7 сынып оқушысы Амиртаев Мерей

ІІ – жүргізуші:
Ұрпағы, ұландары текті жердің,
Қашанда болмысына сүйенемін.
Келешек ғалымдар да, даналар да,
Шығады өздерінен деп білемін!
Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты мектебіміздің дарынды балалар слеті өз мәресіне жетті. Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!
ІІ – жүргізуші:
Закончился очередной праздник. Праздник чествования Одаренных детей средней школы имени Константина Ушинского.
Жеңісті күндерде кездескенше ,қош сау болыңыздар!
До новых встреч ,дорогие друзья!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив