математика ,информатика және физика пәндер бірлестігінің апталығында » Жетісу облысы Сарқан ауданы К.Д.Ушинский атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"К.Д.Ушинский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7284) 32-14-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » математика ,информатика және физика пәндер бірлестігінің апталығында
14
февраль
2022

математика ,информатика және физика пәндер бірлестігінің апталығында

Тақырыбы: «Ғасырдың ғажап үш тірегі»
Пән апталығының мақсаты: - оқушылардың математикалық және ақпараттық даму деңгейін арттыру, ой-өрісін кеңейту; өздігінен ойлауды, мақсатқа жетудегі табандылықты, ұжым алдында өз ісіне деген жауапкершілікті тәрбиелеу;
Пән апталығының міндеттері:
- педагогтардың ашық сабақтар дайындау, ұйымдастыру және өткізу үдерісіндегі кәсіби шеберлігін жетілдіру;
- оқушыларды өзіндік шығармашылық қызметке тарту;

Математика,информатика және физика пәндер бірлестігінің апталығы ақпан айының 7-і мен 11-і аралығында өтті. Апталық тақырыбы: «Ғасырдың ғажап үш тірегі».Апталықтаы салтанатты жиын өткізіп ашты. Жиында оқушыларды апталық тақырыбымен, мақсатымен таныстырылды. Апталықта бірлестіктің ұстаздары үлкен жауапкершілік танытты. Апталықта ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар, шаралар, байқаулар өткізілді.
Апталық өте жауапкершілігі мол әрі қызықты болып өтті. Апталық аясында бұл пәндер бойынша оқушылардың танымдық қабілеттері арттырып, сондай-ақ оқушыларды логикалық ойлау өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығы тереңірек арттыру мақсатында арнайы стенд безендіріліп,түрлі іс-шаралар жүргізілді.

Математика, физика және информатика бірлестігінің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні мектеп фойесінде оқушылар жиыны өткізіліп,онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың ашылуында нақты ғылымдарды оқып-үйренудің маңыздылығы түсіндіріліп, оқушыларға қызықты сұрақтар қойлып,ребустар,сканвордтар шешілді.Сонымен қатар жиында апта бойы атқарылатын жұмыстар әр сыныпқа бөлініп берілгендігі мен жоспар бойынша математика, физика және информатика пәндерінен көптеген іс-шаралар өткізілетіндігі хабарланып, барша ұстаздар мен оқушыларды белсенді түрде қатысуға шақырды.

Жоспар бойынша математика пәндерінің мұғалімдері Жексенбаева Ж.Е. 11 «Б» сыныбына «Показательные уравнения и их системы» тақырыбына,Абсеитова Р.Т. 5 «А» сыныбына «Ондық бөлшектерді қосу және азайту»,Иманбаева А.А. 5 «Б» сыныбында «Сложение и вычитание десятичных дробей,физика пәнінің мұғалімі Дакубаева А.А. 8 «А» сыныбында «Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу» тақырыбына ашық сабақтар берді.Барлық берілген сабақтар жаңа форматта,жаңартылған білім беру мазмұнына сай ,АКТ құралдырын пайдаланумен ,жаңа технологиялар қолданумен өтті.
Ашық сабақтарға мектеп әкімшілігі,бірлестік мүшелері,басқа мұғалімдер де қатысып,сабақтарға талдау жасап,кемшіліктерін айтып, ұсыныстар жасады.
Сонымен қатар информатика пәнінің мұғалімі Ибраев А.З.ұйымдастырған компьюторлік суреттер байғауында оқушылар Paint 3D форматта суреттер cалды.
Барлық өткізілген шаралар оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға ,ой-өрісін кеңейту,өздігінен ойлауды, мақсатқа жетудегі табандылықты, ұжым алдында өз ісіне деген жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталды. «МИФ» апталығы «МИФ викторинасы» атты 5-8 сыныптар арасындағы сайыспен аяқталды. Апталық қортындысында ребустар мен жұмбақтар ,компьюторлық суреттер байқауының жеңімпаздары анықталып, белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив