1. «Шебер ұстаз- табысты оқушы» педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттарымен таныстыру » Жетісу облысы Сарқан ауданы К.Д.Ушинский атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"К.Д.Ушинский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7284) 32-14-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1. «Шебер ұстаз- табысты оқушы» педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттарымен таныстыру
12
март
2024

1. «Шебер ұстаз- табысты оқушы» педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттарымен таныстыру

12 наурыз күні Әдістемелік жөніндегі орынбасары Мынбаева Г.З. кезектен тыс әдістемелік кенесте  педагог қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығына қосымша 2024 жылда аттестациядан өтудің жалпы ережесімен таныстырды. Өз сөзінде: биылғы жаңа ереже бойынша көптеген өзгерістер бары байқалады. Аттестаттауды өткізу тәртібі де өзгерді. Аттестаттау педагогтердің барлық лауазымдарын қамтиды:
1) біліктілік бағасы;
2) ПББ;
3) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауы болады.
педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – ақылы негізде 1 АЕК көлемінде; мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін.
ПББ келесі тапсырмалардан тұрады:
1) мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектеп алды сыныптарының педагогтері үшін:
«Бейіні бойынша әдістемелерді білу, мектепке дейінгі педагогика және психология» – елу тапсырма.
2) бастауыш білім беру педагогтері үшін:
«Пәндік білім» - елу тапсырма;
3) негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін:
«Пәндік білім» – елу тапсырма;
Біліктілік санатын растау кезінде «педагог-шебер» немесе 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді. Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы шығарады. Бұйрықтың күші «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде» белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Зейнеткерліке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер 48-тармаққа сәйкес аттестаттау рәсімінен өтетінін туралы айтып кетті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив